НАЗАРБАЕВ КЕШЕ АШҚАН өндірістер қашан ЖАБЫЛАТЫНЫН БАҚЫЛАЙЫҚ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.


Кеше Аста­на­да ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қаты­суы­мен өткен «Жаңа инду­стри­я­лан­ды­ру: қаза­қстан­дық бары­стың қада­мы» ұлт­тық телекө­пір бары­сын­да ол бірқа­тар өндіріс нысан­да­рын ашты. Бұған дей­ін­гі дәл осын­дай телекө­пір­лер кезін­де сал­та­нат­ты жағ­дай­да ашы­лып, кей­ін­нен жабы­лып неме­се тоқтап қалға­нын еске алар бол­сақ, қаза­қстан­дық «бары­стың» сырқат екеніне көз жет­кі­зу қиын емес. Бей­ре­сми деректер бой­ын­ша, инду­стри­я­лан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да ашы­лған 70-ке жуық өндіріс орын­да­ры тоқтап тұр.

Енде­ше кеше­гі «бары­стар» қашан «тышқақ мысы­ққа» айна­ла­ты­нын бақы­лай­ық. Есіңіз­де бол­сын, кеше ашыл­ды деп, дүни­е­ге даб­ы­ра қылған өндіріс орын­да­ры мына­лар:

Аты­рау облы­сын­да поли­про­пи­лен шыға­ра­тын газ хими­я­лық кешені. Жоба­ның мақ­са­ты – Қаза­қстан­да мұнай іле­с­пе газын өңдеу бой­ын­ша кәсі­по­рын құру, өндірістік тұты­ну­дағы тау­ар­лар спек­трі өндірісін құру.

Ақтө­бе облы­сын­да мұнай-газ жаб­ды­қта­ры мен құбыр­ла­рын шыға­ра­тын зауыт. «120 жұмыс орнын аштық, 5,5 млрд. тең­ге инве­сти­ция тарт­тық. Біз Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ пен Қытай нары­ғы­на шыға­ры­ла­тын өнім­нің 20% -ын экс­порт­та­уды жос­пар­лап отыр­мыз», – деді «Kazakhstan Oil Equipment Plant» ЖШС дирек­то­ры Анар Каш­ла­ев телекө­пір бары­сын­да.

Аты­рау облы­сын­да металл құры­лым­да­рын шыға­ра­тын зауыт. «Бұл өндірі­сте 50 жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Инве­сти­ци­я­лар көле­мі 2,5 млрд. тең­ге­ден асты», – деп хабар­ла­ды пре­зи­дент­ке рапорт беру­шілер.

Алма­ты облы­сын­да «Psi Stroy Industriya» ЖШС зауы­ты. Жос­пар бой­ын­ша, мұн­да жылы­на 18 мың тон­на металл құра­с­тыр­ма­ла­рын шыға­ру көз­дел­ген.

Аста­на­да «Эйр Аста­на» авиа­тех­ни­ка­лық орта­лы­ғы іске қосыл­ды. Орта­лық Ази­ядағы ірі әуе кеме­лерін жөн­деу кәсі­пор­нын құру жоба­сын жүзе­ге асы­ра­ды. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту еуро­па­лық Авиа­ци­я­лық қауіп­сіздік агент­ті­гінің стан­дарт­та­ры­на сәй­кес бола­ды.

Жам­был облы­сын­да мәр­мәр, гра­нит және гипс өңдеу зауы­ты ашыл­ды. «Біз Ресей мен ТМД нары­ғы­на өнім­нің 60% жет­кі­зуді жос­пар­лап отыр­мыз. Өзі­міздің экс­порт­тық әле­уеті­мізді арт­ты­руға ниет­ті­міз», – деді «Орг­строй» ЖШС-нің дирек­то­ры Қ. Ғылым­хан.

Маңғы­стау облы­сын­да Құрық пор­ты­ның авто­көлік паром тер­ми­на­лы іске қосыл­ды. «Қаза­қстан темір жолы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті Бауы­р­жан Орын­ба­са­ро­втың айтуын­ша, жаңа авто­көлік паром­дық кешені авто­мат­ты түр­де жылы­на қосым­ша 2 млн. тон­на жүк тасы­мал­да­уға мүм­кін­дік береді.

Маңғы­стау облы­сын­да Аст­ра­хань – Аты­рау – Ақтау – Түр­кі­мен­стан шека­ра­сы халы­қа­ра­лық тран­зит­тік дәлізіне кіретін Ақтау – Шет­пе жол учас­кесі ашыл­ды.

Батыс Қаза­қстан облы­сын­да құс фаб­ри­ка­сы ашыл­ды.

Шығыс Қаза­қстан мен Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­рын­да 2 сүт зауы­ты іске қосыл­ды.

Ақмо­ла облы­сы­ның Ақсу ауы­лын­да алтын өндіретін зауыт ашыл­ды. ҚР Инве­сти­ци­я­лар және даму мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қыз­меті хабар­лаған­дай, зауы­тқа салы­нған қара­жат 30 млн 585 мың тең­ге, оның іске қосы­луы­на бай­ла­ны­сты 745 жаңа жұмыс орны ашы­ла­ды.

Қараған­ды облы­сын­да ескі маши­на­лар­ды қай­та өңдеу зауы­ты­ның екін­ші кезеңі іске қосыл­ды, деп хабар­лай­ды агент­тік тіл­шісі. «Жоба­ның құны (бірін­ші және екін­ші кезең) – 3 млрд 400 млн. тең­гені құра­ды», – деді «Recycling Company» ЖШС бақы­лау кеңесінің төраға­сы Айдын Нұрах­ме­тов.

Айт­пақ­шы, осын­ша­ма өндіріс орын­да­рын пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ашуын күт­кізіп қой­май, бұған дей­ін рет-реті­мен, кезек-кезе­гі­мен неге аша бер­ме­ген? Шама­сы, бұл телекө­пір әдет­те­гі даңға­за даб­ы­ра­ның тесік шеле­гін даңғыр­ла­ту бол­са керек.

Бақыт­гүл КӨПБАЙҚЫЗЫ,

«D»