«Ұзынағаш – Отар» жолы толығымен қайта жаңартылуда


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Алматы мен Жамбыл облыстарын жалғайтын ұзындығы 96 шақырым республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автожолын қайта жаңарту жұмыстары үш учаскеде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, жобаның нәтижесінде тас жол І-ші «Б» техникалық санатқа келтіріліп, толық 4 жолақты күре жол болмақ

Қазіргі таңда 7 шақырым жол табаны төселіп, су өткізгіш құбырлар орнатылып, көпірлер салынып жатыр.
«Ұзынағаш-Отар» жобасын іске асыру барысында 2 асфальтбетон зауыты, 3-цементбетон зауыты және 3 ұнтақтағыш қондырғы құрылды.
Жобаны жүзеге асыруға 1 200 жұмысшы жұмылдырылған, оның 99% жергілікті мамандар. Жоба аясында жол бойындағы ауылдардан 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, жолшыларды күнделікті тамақтандыруға қажетті азық-түлік жақындағы елді мекендерден алынды. Мысалы күніне 3 сиырдың еті, 60 литрге жуық сүт қажет. Бұл өз кезегінде аталмыш автожолдың бойындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізуде.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/uzynagash-otar-zholy-tolygymen-kayta-zhanartyluda_a3549785”