Елордада апта сайын жәрмеңкелер өтеді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Әр демалыс сайын Сауран 7, «Nova City» ТК және Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Ш.Айтматов) мекен жайлары бойынша ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізіледі, хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Ұйымдастырушы — Нұр Сұлтан қаласының әкімдігі.

Жәрмеңкелерде ауылшаруашылық өнімдерінің әр түрлі ассортименті ұсынылған: көкөністер мен жемістер, қышқыл сүт және сүт өнімдері, шұжықтар және азық-түлік өнімдері және т.б. Қала азаматтардың ыңғайлығы үшін осында «Алтын Адам» тігін фабрикасы, «SensFhashion» сауда және өндірістік компаниясы, «Elish» тігін цехі, «Данмард» ЖШС, ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің Одағы («УниверMAG.kz» отандық тауар өндірушілердің дүкені) және балаларға арналған журналдарды шығару «Айтшы әжетай» қатысуымен жәрмеңкелер өтеді.

Сонымен қатар, базарлар мен сауда орталықтарына мектеп киімдері мен оқу құралдарын жаппай сатуы өтіп жатқандығын хабарлаймыз.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/elordada-apta-sayyn-zharmenkeler-otedi_a3557272”